Loader icon жүктеу
Қарағанды облысында балаларға арналған сыйлық жинақтарының санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасы жүргізілді
В Карагандинской области провели санитарно-эпидемиологическую экспертизу детских подарочных наборов. 15.02.2016

Сараптама нәтижесіне сәйкес 10 зерттелген өнім сынамасынан микробиологиялық көрсеткіштері бойынша 3 сәйкес емес сынама анықталды. Осылай, «Новогодняя шкатулка» №3-5 «С новым годом», шығарылған күні 15.09.2015ж., Қарағанды қ., «Конфеты Караганды» АҚ өнімі, Гоголь көш., 86, кәмпит жиынтығынан алынған шоколад кәмпиттерде зеңнің жоғарылағаны анықталды. «Хамле» ЖШС Ком, ЛТД, Алматы облысы, Қаскелен қ., 01.08.2015ж. шығарылған «Хамле. Сладкая жизнь» кәмпит жиынтығының шоколадты кремді және өрік джемді бисквитінде микробтық санының көрсеткіштері 3 есе жоғары болғаны анықталды. «Веселый паравозик» кәмпиттер жиынтығындағы, шығарылған мерзімі 02.10.2015ж., «Рахат» АҚ өндірілген, Алматы қ., шоколад кәмпиттерінде зеңнің жоғарылағаны анықталды. Өнімдердің қауіпсіздік талаптарына тиіс емес деректеріне сәйкес жоғарыда көрсетілген өнімдерді сататын объектілерде жоспардан тыс тексерістер өткізілді, олардың нәтижесіне сәйкес «ЛюдмилаKZ» ЖШС «Аян» супермаркетінде 79280 тг (40АЕК) сомасында, «Продтовары-37» ЖШС 39640 тг сомасында (20 АЕК), сонымен қатар тиісті емес өнімдерді шағарушы «Конфеты Караганды» АҚ 237840 тг (120 АЕК) сомасында айыппұлдар салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге