Жұмыс күндерінде, сағ. 9:00 ден сағ. 18:30 ға дейінгі уақыт аралығында, 59-00-77 (259-00-77 Алматы) біріңғай республикалық нөмірі бойынша анықтамалық ақпаратты, зертханалық және дезинфекциялық қызметтер бойынша мамандардың кеңестерін алуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, «Ұлттық сараптама орталығы» халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету саласындағы қызметті жүзеге асырады, ол Қазақстан Республикасының барлық аумағын қамтитын кең филиалдық желісі бар жүйе болып табылады.
ҰСО зертханаларында клиникалық-диагностикалық зерттеулер жүргізіледі, тамақ өнімдерін, сусындарды, киімдерді, ойыншықтарды, суды, тұрмыстық химияны, құрылыс материалдарды және т. б. зерттейді.
Сонымен қатар, радиологиялық өлшемдер, өндірістік бақылау, желдету жүйелерін тазалау, дезинфекциялық қызметтер жүргізіледі.