ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖК РМК 2023 жылғы сәуір-мамыр айларында кене энцефалитіне 3 200 талдау жүргізді, оның 30-ы оң нәтиже көрсетті.
Қазақстан өңірлерінде жүргізілген зерттеулер барысында оң нәтижелер Шығыс Қазақстан облысы (76,6%), Алматы қаласы (13,3%) және Қостанай (3,3%), Жетісу облыстары (3,3%) бойынша тіркелді.
Зерттеулер кене энцефалиті вирусының РНҚ мен антиденелерін/антигендерін анықтауға бағытталған генетикалық және иммуноферменттік әдістермен аса қауіпті инфекциялар зертханаларында жүргізіледі.
Мамандар кенелер үшін қолайлы жағдай сәуір-мамыр және тамыз-қыркүйек айларында болатынын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, кене энцефалиті – вирустық табиғи-ошақты инфекциялық ауру. Ауру кене шаққанан кейін дамиды. Адам ағзасында вирус орталық жүйке жүйесіне (ми мен жұлын) еніп, көбейеді. Кене энцефалитінің инкубациялық кезеңі 14 - 30 күнге дейін.