Ұлттық сараптама орталығының базасында Орталықтың Басқарма Төрағасының м.а. Талғат Сүйіндіковтың төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Жазира Жылқышиева, ҰСО орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері мен филиалдары қатысты.
Аталған семинар-кеңес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы заңнамалық өзгерістерді түсіндіруге арналған.
Іс-шараны аша отырып, Басқарма Төрағасының м.а. Талғат Сүйіндіков Кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бірқатар іс-шаралар өткізетінін және ҰСО корпоративтік сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау бойынша шаралар жарияланатынын атап өтті.
Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Жазира Жылқышиева қатысушыларға қоғамдағы басым міндеттердің бірі болып қалатын сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл туралы айтып берді.
Жазира Жылқышиеваның айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамның барлық деректерін қамтитын сыбайлас жемқорлардың жария тізілімін енгізуді жоспарлап отыр.
Ол сондай-ақ жақын туыстарының бірлескен қызметіне жол бермеуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу мәселелерін қозғады. Яғни, қызметкерлер өздерінің жақын туыстары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынатын лауазымдарды атқара алмайды.
Сонымен қатар, семинар барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ҚР Қылмыстық кодексінің баптары жеткізілді.
Конференция қорытындысы бойынша Кәсіпорынның барлық филиалдары мен департаменттеріне ҚР заңнамасының нормаларын сақтау туралы тапсырмалар берілді.