Қарағанды облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының жоғары технологиялық зерттеулер зертханасына 2023 жылғы қыркүйекте сараптамаға 43 су сынамасы келіп түсті.
Хлорорганикалық пестицидтердің қалдық мөлшерін анықтау үшін мамандар Қарағанды облысының Ақсу-Аюлы, Ақшатау, Ортау, Көктем Көл елді мекендері мен Шет аудандарының су айдындарынан 391 зерттеу жүргізді.
Барлық зерттелген сынамалар нормативтік-техникалық құжаттама нормаларына сәйкес келді, оң нәтижелер анықталған жоқ.
Зертханада хлорорганикалық қосылыстардың (ХОҚ) болуын анықтау үшін ең танымал және әмбебап әдістердің бірі – газ-сұйық хроматография қолданылады.
Мамандардың айтуынша, су қоймалары хлорорганикалық пестицидтермен келесі жолдармен ластанады:
Қосылыстың пішініне байланысты пестицидтер судың сапасына келесідей белгілер бере алады:
Суға түскен пестицидтер бір апта, бір ай немесе жылдар бойы қалуы мүмкін. Бұл заттар су объектілерін мекендейтін организмдерге сіңіп, соларда жиналады. ХОҚ концентрациясының артуы су объектілерінің ластануының ең қауіпті түрлерінің бірі болып табылады.