Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру
App Store-дан жүктеу
Play Market-тен жүктеу
+7 (7172) 55-49-21
8 (727) 382-35-52 (Covid19)
10.05.2024
Ағымдағы жылдың 4 айында Ұлттық сараптама орталығының Қостанай облысы бойынша филиалына қызылшаға күдікпен зерттеуге 772 сынама түсті.
Вирусологтар иммуноферменттік талдау әдісімен 551 оң нәтиже анықтады.
Мамандардың айтуынша, науқастардың арасында ересектер де бар, бірақ ауырғандардың басым көпшілігі балалар.
Өткен жылдың осы кезеңінде филиал небәрі 10 сынаманы тексерді, оның тек 2 сынамасы оң нәтиже берді.
Бүгінгі таңда аймақта қызылша ауруының біртіндеп төмендеуі байқалады.