Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
В НЦЭ прошло торжественное собрание, посвященное Дню Независимости Республики Казахстан 13.12.2024

Ұлттық сараптама орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, Басқарма төрағасы Ерлан Киясов ұжымды мерекемен құттықтады.

Ерлан Киясов Тәуелсіздік күнінің әрбір қазақстандық үшін маңыздылығын атап өтіп, өз күшіне және елдің болашағына сенімді бола отырып, біз бірге жұмыс істеп, жаңа жетістіктерге жетіп, тәуелсіздікті нығайтып, Қазақстанның гүлденуі мен дамуына үлес қосатындығымызды айтты.

Сондай-ақ Ерлан Қиясов қызметкерлерге санитарлық-эпидемиологиялық қызметті дамытуға қосқан үлесі және кәсіби қызметіндегі жетістіктері үшін Құрмет грамоталарын табыс етті.

Сонымен қатар, Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ұйымдастырылған шахмат, дойбы және үстел теннисі бойынша турнирлердің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Тәуелсіздік күнімен, құрметті әріптестер!

Сурет галереясы