Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері мен Ұлттық сараптама орталығының төрағасы жұмыс сапарымен Шымкентке келді

Главный санитарный врач РК и Председатель НЦЭ посетили Шымкент с рабочим визитом 30.05.2025

Шымкент қаласына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова және ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Басқарма төрағасы Ерлан Қиясов келді.

Сапар барысында делегация қаланың санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің жұмысымен танысып, ҰСО зертханалық бөлімшелерін аралады, сондай-ақ материалдық-техникалық база мен мамандардың еңбек жағдайларын бағалады.

Зертханалық зерттеулердің сапасын арттыру, эпидемиологиялық қадағалаудың тиімділігі және өңір халқының санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, кездесуде санитариялық-эпидемиологиялық сараптама саласындағы өзекті міндеттер мен перспективалық бағыттар, соның ішінде инфрақұрылымды одан әрі жаңғырту және цифрлық шешімдерді қызмет жұмысына енгізу мәселелері талқыланды.

Сурет галереясы

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері мен Ұлттық сараптама орталығының төрағасы жұмыс сапарымен Шымкентке келді 1 ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері мен Ұлттық сараптама орталығының төрағасы жұмыс сапарымен Шымкентке келді 2 ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері мен Ұлттық сараптама орталығының төрағасы жұмыс сапарымен Шымкентке келді 3 ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері мен Ұлттық сараптама орталығының төрағасы жұмыс сапарымен Шымкентке келді 4 ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері мен Ұлттық сараптама орталығының төрағасы жұмыс сапарымен Шымкентке келді 5