24.10.2025
Ұлттық сараптама орталығында ұлттық мереке — Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Бұл мереке жыл сайын 25 қазан күні аталып өтеді.
Кәсіпорын басшылығы ұжымды келе жатқан мерекемен құттықтап, адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мен зертханалық қызметті дамыту ісіне қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдірді.
1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадам және қазіргі қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуындағы маңызды тарихи кезең болды. Бүгінде Қазақстан Республикасы – тұрақты саяси жүйесі бар, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан серпінді дамып келе жатқан, халықаралық аренада беделі жоғары мемлекет. Бұл жетістіктердің барлығы – халқымыздың бірлігі мен татулығының, еңбекқорлығы мен отансүйгіштігінің нәтижесі.
Салтанатты жиын соңында кәсіпорын қызметкерлері көпжылдық адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін медальдармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.