10.11.2025
2025 жылғы 10 қарашада «Кодекс Алиментариус» комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) 48-ші отырысы басталды. Қазақстандық делегацияны басшысы - ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқарма төрағасы Қиясов Е.А., сондай-ақ делегаттар: Қазақстан Республикасының Кодекс Алиментариус құрылымының Ұлттық үйлестірушісі Қарсыбекова Н. М., Кодекс байланыс тұлғасы Толысбаева Ж. Т., ұлттық сарапшы профессор Конуспаева Г. С. ұсынды.
Құттықтау сөзімен БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) Бас директоры Цюй Дунъюй, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебреисус, сондай-ақ Комиссия төрағасы Алан Азегель сөз сөйледі. Негізгі Жолдау Азық-түлік қауіпсіздігі шеңберіндегі тұрақты даму мақсаттары (ТДМ), комиссияның халықаралық стандарттарын әзірлеу, пайдалану мен жетілдірудің маңыздылығы, сондай-ақ көпжақты ынтымақтастықты кеңейту болды.
Бірінші күні Комиссияның Атқару комитетінің 88-ші және 89-шы сессиялары жұмысының есебі, комиссияның рәсімдік басшылығын жетілдіру талқыланды.
48-ші сессия қарсаңында қазақстандық делегация ФАО/ДДҰ-ның Еуропа бойынша Үйлестіру комитетінің төрағалығына қатысты. Комиссия бағдарламасының негізгі мәселелері, соның ішінде Қазақстан дайындық жұмыстарына қатысатын түйе сүті бойынша стандартты әзірлеу жөніндегі жаңа жұмыс талқыланды.
Сондай-ақ, ФАО ғимаратында шаңырақ түрінде дәстүрлі ою-өрнектер әрі ззаманауи түрде безендірілген "Қазақстан" бөлмесі ашылған болатын.