Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Астана медициналық университетінің студенттері ҰСО зертханаларында тәжірибе жинақтады

От теории к практике: студенты Медицинского университета Астана в лабораториях НЦЭ 12.02.2026

Астанадағы Ұлттық сараптама орталығының филиалында Астана медицина университетінің «Медико-профилактикалық іс» мамандығы бойынша 2-курс студенттеріне арналған таныстыру оқытуы өтті. Болашақ мамандар зертханалық қызметтің жұмысымен жақын танысып, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тетіктерін тәжірибе жүзінде көруге мүмкіндік алды.

Тәжірибелік бөлім бактериологиялық зертханада ұйымдастырылды. Студенттерге бөлімшенің құрылымы, өндірістік үдерістің ұйымдастырылуы, биологиялық қауіпсіздік талаптары және патогенді микроорганизмдермен жұмыс істеу қағидалары түсіндірілді. Тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен олар материалдарды қабылдау және тіркеу кезеңдерін меңгеріп, қоректік орталарға егу әдістерінің негізгі қағидаттарымен танысты, микроорганизмдердің өсуін инкубациялау және есепке алу үдерістерін бақылады. Сонымен қатар бактерияларды сәйкестендіру әдістері мен сапа стандарттарына сәйкес зертханалық құжаттаманы жүргізу тәртібі зерделенді.

Оқу бағдарламасы аясында студенттер санитариялық-гигиеналық зертхана жұмысымен де танысты. Мұнда оларға бөлімшенің қызмет бағыттары  - тағамдық және тағамдық емес өнімдерді зерттеуден бастап қоршаған орта нысандарын, соның ішінде су мен атмосфералық ауаны талдауға дейінгі жұмыстар таныстырылды. Мамандар күнделікті тәжірибеде қолданылатын заманауи сынақ және жоғары дәлдікті жабдықтарды, сондай-ақ жедел талдау құралдарын көрсетті. Санитариялық-гигиеналық зерттеулерді реттейтін нормативтік-құқықтық базаға да ерекше назар аударылды.

Мұндай тәжірибелік сабақтар болашақ медицина қызметкерлеріне теориялық білімдерін бекітіп қана қоймай, зертханалық қызметтің нақты жұмысын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Бұл – кәсіби қалыптасудың маңызды кезеңі.

Айта кетейік, бұған дейін ШЖҚ РМК «Ұлттық сараптама орталығы» мен КЕАҚ «Астана медицина университеті» арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Құжат ғылым, білім беру және денсаулық сақтау жүйесі үшін білікті кадрлар даярлау саласында әріптестікті дамыту мен бірлескен жобаларды жүзеге асыруды көздейді.

Сурет галереясы

thumbnail thumbnail thumbnail thumbnail thumbnail thumbnail