18.06.2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденімен Ұлттық сараптама орталығының Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Тоқтасын Кенжеканович Ерубаев марапатталды.
Жоғары марапат санитариялық-эпидемиологиялық қызметті, ғылымды және Қазақстан Республикасының қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі мен көпжылдық адал еңбегі үшін табысталды.
Тоқтасын Ерубаев денсаулық сақтау саласына 40 жылдан астам өмірін арнаған. Кәсіби қызметі барысында ол дәрігер-эпидемиологтан бастап республикалық деңгейдегі басшылық қызметке дейін көтеріліп, аса қауіпті инфекция ошақтарын жоюға, эпидемиологиялық қадағалау жүйесін дамытуға және елдің биологиялық қауіпсіздігін нығайтуға атсалысты.
110-нан астам ғылыми еңбектің, бірқатар монографиялар мен патенттердің, оқу-әдістемелік басылымдардың авторы ретінде Тоқтасын Кенжеканович отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосты. COVID-19 пандемиясы кезеңінде оның жетекшілігімен SARS-CoV-2 вирусын анықтауға арналған алғашқы отандық ПТР-тест жүйелері әзірленіп, коронавирус инфекциясына қарсы ұлттық вакциналарды жасау бағытындағы зерттеулер бастамашы болды.
Тоқтасын Кенжеқанұлын лайықты мемлекеттік наградасымен құттықтай отырып, оған кәсіби және ғылыми қызметінде жаңа табыстар тілейміз.