Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Маркетинг және сараптамалық қызмет департаментінің қоғаммен байланыс секторының баспасөз-хатшысы бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.
Кәсіпорын қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.
Біліктілік талаптары:
Кәсіпорынның Маркетинг және сараптамалық қызмет департаментінің қоғаммен байланыс секторының баспасөз-хатшысы бос орын лауазымына орналастыру конкурсына әлеуметтік ғылымдар, экономика, бизнес және басқа да бағыттар бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Сондай-ақ, PR, журналист, маркетинг, SMM, фото- және бейне өндіру, контентті құру және жүргізу бағыттар қосымша білімі, жұмыс өтілі, кәсіби дайындығы құпталады
Қызметтік міндеттері:
1) медиа-рилейшнз, БАҚ өкілдерімен жаңа байланыстарды қолдау және орнату;
2) Кәсіпорын қызметі туралы ақпаратты жинау, талдау және тарату (баспасөз хабарламаларын электрондық пошта арқылы дайындау және тарату);
3) БАҚ үшін кәсіпорын қызметіне қатысты хабарламалар дайындау, мәтіндік материалдар жазу;
4) уағдаластықтарға сәйкес Кәсіпорынның оқиғалары туралы хабарламалардың шығуын бақылау;
5) журналистердің ресми іс-шараларға, баспасөз конференцияларына, брифингтерге, Кәсіпорын басшылары мен басқа да қызметкерлерінің БАҚ өкілдерімен сұхбаттарына қатысуын ұйымдастыру;
6) жедел ақпараттық-анықтамалық жұмыс – Кәсіпорынның қызметі туралы БАҚ сұрауларына жауаптар дайындау;
7) құзыреті шеңберінде Кәсіпорын филиалдарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
8) жариялау, теле/радио хабарларын тарату үшін материалдар жинауды және дайындауды жүзеге асыратын журналистерге жәрдем көрсету;
9) Кәсіпорын қызметі туралы жарияланған мәліметтердің дұрыстығын тексеру;
10) түсіндірме хаттар мен теріске шығаруларды дайындау (қажеттілігіне қарай);
11) Кәсіпорынның ресми Интернет-сайтында "Жаңалықтар" бөліміне материалдар дайындау;
12) интернет желісінде және Кәсіпорынның филиалдары мен орталық аппаратының өзге де цифрлық өнімдерінде жарияланымдардың Медиа жоспарын әзірлеу;
13) Жарияланымдар, айдарлар, мақалалар, сұхбаттар және т.б. жасау кезінде материалдарды дайындау, орталық аппараттың мүдделі құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарын тарту;
14) Кәсіпорын филиалдары мен орталық аппаратының Медиа-Жоспарды іске асыру шеңберінде Кәсіпорын филиалдарына әдістемелік және практикалық көмек көрсетуі;
15) Кәсіпорынның баспасөз қызметінің қызметі туралы БАҚ мониторингін жүргізу.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағалау;
2) тестілеу;
3) сұхбаттасу өткізу;
4) конкурс қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 17.30-ге дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 6/1 үй, Каскад БО, 18 қабат, 6 кабинет.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2026 жылғы 8 мамыр сағат 17.00.
Анықтама телефоны: 8(7172) 554903.