Аманбаев Алтай Әлиханұлы

Лауазымы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының директоры

Туған жылы: 13.08.1969ж.

Білімі, мамандығы (квалификациясы):

Қарағанды мемлекеттік медицина институты-мамандығы бойынша «Медико – профилактикалық ісі», квалификациясы – дәрігер-гигиенист, эпидемиолог.

Соңғы  лауазымы: 20.10.2019 ж. бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының директоры.

Еңбек өтілі:

  • 1999 – 2001жж. «Алсим Аларка»  Түрік фирмасының құрылыс компаниясында –санитарлық дәрігер;
  • 2001 - 2008 жж.   «Бекнур трейд»ЖШС - ведомстволық санитарлық дәрігер;
  • 2008 - 2009 жж.  Семей қаласында ОПС-2 жалпы бейінді дәрігер;
  • 2011-2012жж. Семей қаласының  Мемлекеттік медициналық университетінде – оқытушы;
  • 2012-2013жж. «Шығыс Қазақстан ұн тарту комбинаты» ААҚ- ведомстволық санитарлық дәрігер;
  • 2014-2015жж. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті «Астана қаласы  санитарлық-эпидемиологиялық сараптама  орталығы»- директорының орынбасары;
  • 2015-20.10.2019жж. Қазақстан  Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін  қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін  бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Астана қаласы бойынша филиалының директоры;

2016 жылы «Гигиена және эпидемиология»  мамандығы  жөнінде «Санитарлық-эпидемиологиялық қызметті ұйымдастыру»  (108 сағат), "Жалпы гигиена және қоршаған ортаны қорғау мәселелері» (108 сағат).

2018 жылы «ҚДСК және ұйым қызметін ұйымдастыру»(108 сағат) циклдері бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті.

Сертификаттары: «ISO 15189: 2012  Медициналық зертханалар - сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар», Орта Азиядағы инфекциялық ауруларды бақылау және алдын алу бойынша американдық орталықтың аймақтық офисі (16 сағат);  «Орталық Азиядағы өзекті инфекциялардың алғашқы медициналық-санитарлық көмек кезеңіндегі Орталық Азияның жұқпалы аурулар менеджменті» жұқпалы аурулар бойынша Еуро-Азия қоғамының Халықаралық қоғамдық ұйымынан; «VII Халықаралық конгресінің заманауи зертханалық диагностикасындағы микробқа қарсы резистенттілік мәселелері» ДСММК (22 сағат),  Қазақстан медициналық зертханалық диагностикалық Ассоциациясынан; «Қазақстандық техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйесінің біліктілігін арттыру институты» ЖШС «ҚР СТ ISO 9001-2016 сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» (24 сағат) сертификаты бар.

И.Н. Блохина атындағы  Нижний Новгород қаласының  микробиологиялық және эпидемиологиялық  ғылыми –зерттеу  институтында «Халықты эпидемияға қарсы қорғаудың ғылыми қамтамасыз ету: өзекті мәселелер мен шешімдер" тақырыбына арналған РФ тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адам әл-ауқатының федералдық қызметінен халықаралық сертификатқа ие.

Марапаттары: 2019 жылы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Ж. М. Бекшиннің «Медицина қызметкері күніне» байланысты «Құрмет грамотасымен»,  2017 жылы «Медицина, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасы Б. М. Давлетгалиеваның атынан «Құрмет грамотасы»,  2017 жылы Астана Экспо-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз етуге үлес қосқаны үшін ҚР ДСМ ҚДСК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры Қ. О. Балықбаевтың «Құрмет грамотасымен», 2017 жылы "Нұр Отан"партиясының «Алғыс хатымен»,  2017 жылы "Айбын" Президенттік полкінің жеке құрамының денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында жұқпалы аурулардың алдын алу іс-шараларына белсенді қатысқаны үшін, санитарлық-гигиеналық жағдайларды жақсартуға қосқан үлесі үшін 0112 әскери бөлімінің командирі Т. Сарсикеевтің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК  Нұр-сұлтан қаласы бойынша филиалының  директоры Аманбаев Алтай Әлиханұлының  басшылығымен   зерттеудің жаңа әдістері енгізіліп,  жұмыс көрсеткіші артты. Филиалдағы бактериология зертханасы  2015 жылдан бастап менингококк жұқпасының референс-зертханасы болып табылады, ИФТ әдісімен құрғақ сүтті анықтау, тамақ өнімдеріндегі антибиотиктерді анықтау бойынша жаңа әдістемелер енгізілді. Вирусология зертханасы ҚР тұмауға, тұмауға ұқсас ауруларға, ауыр жіті респираторлық және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекцияларға, дозорлық  эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыруда. 2016 жылы санитарлық-гигиеналық зертханасының  базасында сүт және сүт өнімдерінің майлылығы мен  қышқылының құрамын анықтау бойынша мамандандырылған зертхана ұйымдастырылды.