Алматы қаласының зертхана мамандары тағам өнімдеріне тексерулер жүргізіп және қауіпті жұқпалардың қалай анықталатының көрсетті
Как выявляют опасные инфекции и проверяют продукты питания, показали специалисты лаборатории Алматы 11.04.2019

Қазақстандықтардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуде 2019 жылы 11 сәуірде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің жанындағы Ұлттық сараптама орталығы (ҰСО) Алматы қаласының зертханалық базасында   баспасөз-туры өткізіліп, зертхананың жұмыс барысы туралы журналистерге таныстырды. 

Бірінші кезекте БАҚ өкілдері вирусология зертханасының жұмысымен танысты. Зертхана мамандары   қызылша мен қызамыққа қарсы қан сынамасына зерттеудің қалай жүргізілетінің көрсетті. Қан үлгілері бұл зертханаға қалалық емханалар мен   жұқпалы аурулар ауруханасынан жеткізіледі. Алғашқы өңдеу жұмыстарынан кейін, мамандар иммуноферметтік талдау әдісімен зерттеулерді жасайды. Зерттеу нәтижелері сол күні беріледі.

2018 жылы ҰСО зертханасына қызылша ауруына күдікті 635 сынама келіп, оның 80% оң нәтиже берді. Сол жылдың соңында және 2019 жылдың басында қызылшамен аурушылық деңгейі көтерілді. 2019 жылдың басында Казақстанда қызылша ауруына күдікті жағдайлар -5106 құрады, оның ішінде 4311 (85%) сынама оң нәтиже берді. Нұр-Сұлтан қаласындағы вирусология зертханасының мамандары   қызылша вирусына молекулярлық-генетикалық зерттеулер жүргізді. Бұндай зерттеулерді сынамалар әкелінген жағдайда сараптайды және эндемиялық штамдардың табылуын бақылайды.Сонымен белгілі болғанындай, қызылша вирусының штаммы Кабул және Нигер жоғары -патогенді генетикалық жолына жататыны анықталды.

Сілтеме (республика бойынша): Өткен жылы вирусология зертханасында ЖІВЖ, тұмау ауруыларына, энтеровирус және ротовирус жұқпаларына зертханалық зерттеулер жүргізілді. Энтеровирус жұқпасының тобына 1201 сынама зерттеліп, одан 49 штамм (Полиовирус 1 типі-1, полиовирус 3 типі-1, Коксаки В-35, ЭКХО-3, ажыратылмайтыны-9) анықталды.

Бактериология зертханасының мамандары   менингококк жұқпасына зерттеулер мен жартылай дайындалатын ет өнімдеріне сараптама   қалай жүргізетінің талдап берді. Бұл процестер жабық бокстарда кезен-кезеңмен жүргізілетіндігін және бактериологтардың айтулары бойынша осындай зерттеулер күні бойы анықталатының, кей жағдайда одан да көп уақыт алатынын атап өтті.

Сілтеме (республика бойынша): 2018 жылы бактериологтар тағам өнімдерінен: сальмонеллалар-58, стафилококк S.aureus – 79, патогендік, оның ішінде листериялардан L. Monocytogenes – 33 сынамадан оң нәтиже табылды.

Сондай-ақ, сынамалардың сәйкессіздіктері арасында   ет өнімдерінен-13 сынама, ГМА (ет соясы, сүт соясы)- 2 сынама, мал ДНК-143 сынамалардан антибиотиктердің қалдық саны анықталды.

Ағымдағы жылдың   басынан үш ай ішінде Алматы қалалық зертханасының базасында малдардағы ДНК құрамына 142 сәйкестендіру зерттеулері жүргізіліп, оның ішінде 99 сынаманың   сәйкессіздігі анықталды. Сонымен, ет қалбырының 77 сынамасынан еттің орнына   ДНК соясы табылды. Басқа да өнімдерден шошқаның және тауықтын ДНК (шұжық өнімдері, түшпаралар, котлеттер, жентектелген еттер) анықталды. ҰСО зертханаларында 125 үлгіден ДНК өзгеше түрлерінің көріністері   айқындалды, сол өндіруші таңбалауындағы   мәлімдемеген өнімдерде жануарлар тіндерінің белгілі бір түрінің бар екендігі туралы куәландырылды. Осы мәліметтер нақтылай заттаңба мәліметтерінде   ет құрамы түрлерінің сәйкессіздігін көрсетеді.

2018 жылы елімізде менингококк жұқпалы ауруларының жағдайы белең алғаны белгілі. Сонымен, ҰСО бактериология зертханасында 63 574 талдау зерттеліп, оның ішінде   67 талдау   оң нәтиже берді, 26 талдау Алматы қаласынан тіркелген.

Журналистер қауымы филиалдағы санитарлық-гигиеналық зертханасының жұмысымен танысты. Бұл жерде   токсикологтар балалар ойыншықтарында ауыр металдардың ( қорғасын, кадмий, мырыш, хром) болу болмауын 30 минуттың ішінде зерттеп,    нәтижесін бірден алуға мүмкіндік барлығын көрсетті. Өткен жылы Алматы қаласында «Ойыншықтар қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне сәйкес, 413 зерттеу жүргізіп, оның ішінде 309 сынама сәйкес келмеді.

Сілтеме (республика бойынша): Өткен жылы санитарлық-гигиеналық зертханасында сүт майын өсімдік майларымен фальсификациялауда сүт және май өнімдерінен - 106 сынаманың, ұнды фортификациялауда -68 сынаманың сәйкес келмегендігін анықтады.

Атап айтқанда, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында 16 аймақтық филиал,184 қалалық және аудандық бөлімшелері сонымен қатар, төрт дезинфекциялық орталықтары бар. Филиалдар халықаралық стандарттарға сәйкес аккредиттелген.

Тағам өнімдеріне, суларға, атмосфералық ауаға және жұмыс орнының ауасына, ойыншықтарға, бактериалдық және вирустық жұқпаларға (ЖІВЖ, тұмау, қызылша, қызамық, гепатиттер, менингит және ішек жұқпалары) және т.б. орталықтың құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген   зертханалары сапалы сараптамалар мен талдаулар жүргізуге мүмкіндіктері жеткілікті.

Сонымен қатар, 16 зертханада жоғарытехнологиялық зерттеулер бөлімшелері ұйымдастырылған. Осы зертханалардың 146-сы жоғары сезімталдықтағы құралдармен жабдықталып, тағам өнімдеріне   неғұрлым тереңдетілген жоғарыдәлдіктегі зертханалық зерттеулерді жүргізеді.

DSC_0035.jpg
DSC_0041.jpg
DSC_0051.jpg
DSC_0196.jpg

Сурет галереясы