Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Кокпекты аудандық бөлімшесі (бұдан әрі - Филиал) бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.
Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Біліктілік талаптары:
Аудандық бөлімше зертханасының меңгерушісі лауазымына "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білімі және "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәлік;
не "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім; "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы қызметінде тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты;
бейіні бойынша тиісті зертханада кемінде 3 жыл еңбек өтілі бар азамт қабылданады.
Аудандық бөлімше зертханасының меңгерушісі: Қазақстан Республикасының Конституциясын; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі; Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі; «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі; «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; Кәсіпорынның қызметіне және Қызметтің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері; Кәсіпорынның қызметіне қатысты мәселелер бойынша әдістемелік және өзге де басшылық материалдар, сондай-ақ Филиалдың ішкі құжаттары; Кәсіпорынның Жарғысы; Кәсіпорын Басқарма Төрағасының қызметіне қатысты бұйрықтары мен өкімдері, Басқарма шешімдері; құжаттау және құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы қағидаларын; ішкі қызметті реттейтін құжаттама; ұйымдастыру техникасымен, коммуникация және байланыс құралдарымен жұмыс істеу ережесі; қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелері; ішкі еңбек тәртібінің ережелері; бөлім туралы ереже; осы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады. ұйымның қызметіне қатысты мәселелер бойынша әдістемелік және өзге де басшылық материалдар;
Лауазымдық міндеттері:
Ұйымның құрылымдық бөлімшесіне басшылықты жүзеге асырады, халыққа уақтылы және сапалы медициналық және дәрілік көмек көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады.
Медициналық этика талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Өзіне сеніп тапсырылған материалдық-техникалық, дәрілік ресурстарға, сондай-ақ олардың сақталуы мен мақсатты пайдаланылуына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынысты адамдардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
Денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшесі қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды.
Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, олардың өмірі мен еңбегі үшін қауіпсіз және салауатты жағдайлар жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды.
Жаңа диагностикалық және профилактикалық көмекті енгізуді және қолданыстағыларды жетілдіруді, көрсетілген қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз едеті.
Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
Сантитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды.
Гигиеналық және эпидемиға қарсы іс-шаралардың жүргізілуіне, санитарлық қағидалар мен нормалардың, гигиеналық нормативтердің сақталуына жедел және зертхана-аспаптық бақылауды ұйымдастырады.
Дәрігер кадрларының біліктілігін арттыру, олардың кәсіби білімін дамыту жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді.
Денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшесінің қызметіне талдау жасайды және оның жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шаралар қабылдайды.
Ішкі еңбек тәртібі талаптарының орындалуын, медициналық этиканың, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасының, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.
Есеп беруді ұсынуды қамтамасыз етеді.
Радиоизотоптық (радионуклидтік) диагностика бөлімшесінің, радиоизотоптық (радионуклидтік) терапия бөлімшесінің, радиофармацевтикалық дәрілік препараттар өндірісі мен сапасын бақылау бөлімшесінің (кешенінің), радиофармацевтикалық дәрілік препараттар өндірісі бөлімшесінің (бөлімінің), радиофармацевтикалық дәрілік препараттар сапасын бақылау бөлімшесінің (бөлімінің), "GMP" (ДжиЭмПи) тиісті өндірістік практика бойынша сапаны қамтамасыз ету бөлімшесінің (бөлімінің) меңгерушісі үшін, радиациялық қауіпсіздік және медициналық физика, Ядролық медицина орталығының инженерлік-техникалық қамтамасыз ету бөлімшесі (қосымша):
барлық жабдықтардың, инженерлік жүйелер мен процестердің тиісті валидациялық іс-шараларын жүргізуді ұйымдастырады және бақылайды;
тиісті фармацевтикалық практика, радиациялық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес фармацевтикалық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ету процесін ұйымдастырады және бақылайды.
медициналық ғылым мен практиканың заманауи жетістіктері деңгейінде клиникалық зертханалық зерттеулерді уақтылы және сапалы жүргізуді қамтамасыз етеді;
зертханадағы жұмысты ұйымдастырады және бақылайды, сондай-ақ патогендік микроорганизмдердің бөлінуі бойынша сынамаларға зертханалық зерттеулер жүргізеді;
зертхана қызметкерлерінің назарына зертхана жұмысын регламенттейтін барлық нормативтік және ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарды жеткізеді;
зертханалық зерттеулердің нәтижелерін бағалайды, түсіндіреді, қорытынды жасайды;
зертханаішілік сапаны бақылаудың жүргізілуін бақылайды және зертхананың сапаны сырттай бағалау бағдарламаларына қатысуын қамтамасыз етеді;
медициналық ғылым мен практиканың заманауи жетістіктері деңгейінде клиникалық зертханалық зерттеулерді уақтылы және сапалы жүргізуді қамтамасыз етеді;
зертханадағы жұмысты ұйымдастырады және бақылайды, сондай-ақ патогендік микроорганизмдердің бөлінуі бойынша сынамаларға зертханалық зерттеулер жүргізеді;
зертхана қызметкерлерінің назарына зертхана жұмысын регламенттейтін барлық нормативтік және ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарды жеткізеді;
зертханалық зерттеулердің нәтижелерін бағалайды, түсіндіреді, қорытынды жасайды;
зертханаішілік сапаны бақылаудың жүргізілуін бақылайды және зертхананың сапаны сырттай бағалау бағдарламаларына қатысуын қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген филиал қызметкері қолма-қол немесе курьерлік пошта арқылы келесі құжаттарды ұсынады:
1) Конкурс қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішін (Кәсіпорынның сайтында, «Бос орындар» бөлігінің соңғы бетінде орналастырылған);
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген);
4)лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы алынады).
7) Конкурс қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме (Кәсіпорынның сайтында, "Бос орындар" бөлімінің соңғы бетінде орналастырылған).
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар жәнет.б.) ұсынады.